Германияда 16 желтоқсаннан бастап қатаң локдаун енгізіледі

© REUTERS

Германияда коронавирус өршуіне байланысты 16 желтоқсаннан бастап қатаң локдаун енгізіледі, - деп хабарлайды DW

Германияда коронавирус өршуіне байланысты 16 желтоқсаннан бастап қатаң локдаун енгізіледі, - деп хабарлайды DW

Басылым мәліметінше, азық-түлік дүкендерін қоспағанда, бүкіл ел бойынша бөлшек сауда дүкендері жабылады, мектептерде күндізгі оқу тоқтатылады, балабақшалар жабылады. Локдаунның кем дегенде 10 қаңтарға дейін созылатыны айтылады.

Шектеу шараларын Германия канцлері Ангела Меркель мен Германияның 16 федералды жерінің премьер-министрлері 13 желтоқсан, жексенбіде бейнеконференция арқылы мақұлдаған.

Реклама
Реклама

"Азық-түлік дүкендерінен басқа, дәріханалар, тұрмыстық химия және галантереялық дүкендер, жанармай құю станциялары, банктер, жинақ кассалары және пошта бөлімшелері жұмыс істей береді. Жаңа жылда (31 желтоқсан және 1 қаңтар) бұқаралық іс-шараларға тыйым салынады, тұрғындарға отшашудан бас тарту ұсынылады", - деп жазады басылым.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама