ПОДЕЛИТЬСЯ
07 шілде 2021 | 16:37
Германияда 750 адам ұсталды. Полиция арнайы операция өткізді
Шифрланған Желіні бұзғаннан кейін неміс полициясы бір уақытта 750-ден аса адамды қамауға алып, бірнеше тонна есірткі заттарын және заңсыз қару-жарақты тәркілеуге мүмкіндік алды, - деп хабарлайды Reuters.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шифрланған Желіні бұзғаннан кейін неміс полициясы бір уақытта 750-ден аса адамды қамауға алып, бірнеше тонна есірткі заттарын және заңсыз қару-жарақты тәркілеуге мүмкіндік алды, - деп хабарлайды Reuters.
Германияның федерал қылмыстық полиция басқармасы EncroChat ұсынған қылмыскерлердің жедел хабар алмасу жүйесі бар мессенджерінің шифрі бұзылғаннан кейін, қылмыскерлер қамауға алынды деп мәлімдеді.
Неміс тергеушілеріне голландиялық және француз әріптестері көмек көрсеткен. Олар былтыр бүкіл әлем бойынша 60 мың қолданушысы бар платформаны бұзған. Олар бірқатар тұтқындау жүргізіп, мәліметті Еурополға жіберген. Бұл басқа жерлердегі билікке қылмыскерлердің хабарламалары мен қозғалыстарын бақылауға мүмкіндік берген.
Тергеу 2020 жылдың сәуірінен бастап бір жылдан аса уақытқа созылған. Кейін Федерал қылмыстық полиция басқармасы EncroChat-пен жүздеген хабар алмасу туралы мәлімет алғанын және мыңдаған пайдаланушыларды анықтай алатындығын хабарлады.
Операция нәтижесінде билік шамамен 3,2 тонна каннабис пен жүздеген келі синтетикалық есірткі, кокаин және экстази таблеткаларын тәркілеген. Федерал қылмыстық полиция басқармасының мәліметі бойынша, 310 атыс қаруы мен 12 мыңнан астам оқ-дәрілер тәркіленген.
EncroChat - Нидерландыда орналасқан байланыс желілері мен қызметтерінің провайдері. Полиция мәліметі бойынша, EncroChat мессенджерін көптеген ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері қылмыстық әрекеттерді жоспарлау үшін қолданған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также