20 мамыр 2022 17:22

Германияда алғаш рет маймыл шешегі анықталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Германияда алғаш рет маймыл шешегі ресми түрде расталды. Жұмада Мюнхенде Бундесвер микробиология институты қызметкері бейсенбідегі дерекке сәйкес, вирус жұқтырған науқас барын айтты, - деп хабарлайды Focus.de.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германияда алғаш рет маймыл шешегі ресми түрде расталды. Жұмада Мюнхенде Бундесвер микробиология институты қызметкері бейсенбідегі дерекке сәйкес, вирус жұқтырған науқас барын айтты, - деп хабарлайды Focus.de.

Науқаста тері өзгерістері байқалған. Институт басқа мәліметтерді жарияламады.

Айта кетейік, маймыл шешегі Ұлыбританияда, Испанияда, АҚШ-та және Португалияда тіркелген болатын.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) өкілдері Ұлыбританияға келген адамдар арасында маймыл шешегінің таралу қаупін бағалаған еді. Ал Перу үкіметі маймыл шешегі өршуіне байланысты дабыл қақты.

Маймыл шешегі адамдарға жануарлардан беріледі. Бұл - 1970-жылдары Конго Демократиялық Республикасында тіркелген сирек кездесетін вирусты зооноз ауруы. Симптомдарына бас ауруы және тері бөртпелері жатады. Бөртпе беттен басталып, дененің қалған бөлігіне таралады.

Еске салайық, бұған дейін маймыл шешегі адамға жұғуына байланысты ДДСҰ түсінік бергені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram