16 қыркүйек 2021 | 09:17

Германияда белгісіз біреулер вакцинация орталығын өртемек болған

Германияда белгісіз біреулер вакцинация орталығын өртеп жібермек болған, алайда олардың бұл әрекеті сәтсіз аяқталды, - деп хабарлайды DW.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Германияда белгісіз біреулер вакцинация орталығын өртеп жібермек болған, алайда олардың бұл әрекеті сәтсіз аяқталды, - деп хабарлайды DW.

Неміс полициясының мәліметінше, Эйх қалашығында бірнеше ер адам коронавирусқа қарсы вакцинация орталығына ішінде өртеп жіберуге арналған сұйықтығы бар бөтелкені лақтырып жіберген.  

Алайда олардың қасақана жасаған әрекеті сәтсіз болған, себебі сұйықтығы бар бөтелке жанбай қалған. 

Реклама
Реклама

Фото: DW

Жергілікті билік мәліметінше, орталық күзетшілері сыра бөтелкесін лақтырып жіберген үш ер адамды байқап қалған. 

Бүгінде полиция өрт шығармақ болған күдіктілерді іздестіріп жатыр. Куәгерлер соңғы рет күдіктілерді оқиға орнынан қызыл көлікке отырып кетіп бара жатқан жерінен көрген.  


Фото: DW

Полиция өкілі Ян Майнл мұндай жағдай қалада бірінші рет болып тұрғанын хабарлады. Алайда бұған дейін наурыз және сәуірде екі вакцинация орталығына вандалдар мен антиваксерлер шабуыл жасамақ болған екен. 

Ол кезде вандалдар ғимараттың сыртына "мутанттарға арналған әжетхана", "у сақтайтын жер" деп жазып кеткен. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная