05 тамыз 2020 | 14:28

Германияда COVID-19-дың екінші толқыны басталды - сарапшылар

Marburger Bund неміс дәрігерлер бірлестігінің төрайымы Зузанне Йона Германияда коронавирустың екінші толқыны басталғанын мәлімдеді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Local басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Marburger Bund неміс дәрігерлер бірлестігінің төрайымы Зузанне Йона Германияда коронавирустың екінші толқыны басталғанын мәлімдеді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Local басылымына сілтеме жасап.

"Біздің екінші толқын басталды. Ауру жұқтырғандардың толқыны әзірге аса жоғары емес", - деді Йона. 

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, Германияда наурыз және сәуірде болған алғашқы толқынға қарағанда екінші толқын әлсіздеу.

"Жұқтырғандар саны қайтып көбейіп келе жатыр. Қауіп туралы ұмытып, қалыпты өмірге қайта келгіміз келгендіктен, Германияда бұған дейін қол жеткізген нәтижелерді жоғалтып алуымыз мүмкін. Сондай қауіп бар", - деп ескертті төрайым. 

Коронавирустың екінші толқынына алаңдау вирус жұқтырғандар санының бірден өсуіне байланысты болып отыр. Германияда бір тәулікте 500-ден астам жаңа жағдай тіркелді.

Worldometer деректеріне қарағанда, елді 212 мыңнан астам адам COVID-19 жұқтырған. Оның ішінде 9 232 науқас қайтыс болды және 194 700 адам аурудан айықты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная