06 тамыз 2019 | 09:18

Германияда ер адам ұстау кезінде полицей мен итті тістеп алған

Германияның Ротвайл қаласында ер адам ұсталу кезінде қашып кету үшін полицей мен қызметтік итті тістеп алған, - деп жазады Stuttgarter Nachrichten.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германияның Ротвайл қаласында ер адам ұсталу кезінде қашып кету үшін полицей мен қызметтік итті тістеп алған, - деп жазады Stuttgarter Nachrichten.

Басылымның мәліметінше, полиция қызметкерлері қолына пышақ ұстап алып, адамдарды қорқытқан 28 жастағы мигрантты ұстаған.

Реклама
Реклама

Полицейлер ер адамды ұстап, қаруын тәркілеген кезде оның 22 жастағы досы кенеттен атыс шығарды. Сол сәтте ұсталған ер адам қашып кетіп, жасырынбақ болған. Бірнеше метр өте бере қызметтік көлік пен офицер оның соңынан жетіп ұстаған. Бірақ ер адам тағы қашып кетпек болып, бастапқыда итті, артынша полицейді тістеп алған. Кейінірек ер адам полиция учаскесіне жеткізілген.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram