27 қараша 2021 17:38

Германияда жаңа штамның алғашқы жағдайы тіркелуі мүмкін

Иллюстрация: pixabay

Германия Африка оңтүстігінен оралған саяхатшыдан коронавирустың жақында табылған штамы "омикронға" сәйкес белгілер анықталғанын мәлім етті, - деп хабарлайды Deutsche Welle.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германия Африка оңтүстігінен оралған саяхатшыдан коронавирустың жақында табылған штамы "омикронға" сәйкес белгілер анықталғанын мәлім етті, - деп хабарлайды Deutsche Welle.

Бұл туралы әлеуметтік істер министрі Гессен Кай Клозе Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

"Жаңа "омикрон" штамы Германияға келуі мүмкін", - деді Клозе.

Реклама
Реклама

Министрдің айтуынша, денсаулық сақтау органдары жолаушы жаңа "омикрон" штамын жұқтырды деп қауіптеніп отыр. Ол қазіргі уақытта толық тексеру жүргізіліп жатқанын және жолаушы карантинде екенін айтты.

"Егер сіз кейінгі аптада Африка оңтүстігінен оралсаңыз, байланысты шектеп, сынақтан өтіңіз", - деп ескертті Клозе.

Клозе жолаушы туралы және жаңа штамды жұқтырған адам қай әуежайға келгені туралы қосымша ақпарат берген жоқ. Расталған жағдайда, бұл Германияда "омикрон" штамының алғашқы жағдайы болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram