04 тамыз 2021 | 13:20

Германияда жертөлесінен танк табылған зейнеткер жазаланды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:dw.com

Германияда ҰОС кезеңінен қалған танкті жертөлесінде сақтаған зейнеткердің ісіне қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Германияда ҰОС кезеңінен қалған танкті жертөлесінде сақтаған зейнеткердің ісіне қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.

Киль қаласындағы сот 84 жастағы коллекционерге әскери арсеналды, оның ішінде танкті заңсыз сақтағаны үшін 250 мың еуро (шамамен 123 миллион теңге) айыппұл салып, оны "Пантера" ұрыс көлігі мен зениттік қаруды мұражайға не ресми коллекционерлерге сатуға немесе сыйға тартуға міндеттеді.

Зейнеткерге әскери қаруды бақылау туралы заңды бұзғаны үшін айып тағылды. Сондай-ақ, ол кінәсін мойындаудан бас тартқандықтан 14 ай шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

Реклама
Реклама

DW

Айта кетейік, бастапқыда нацистік өнер туындыларының жоғалуына байланысты тінту жүргізілген үйден, таңғаларлық заттар табылғаны хабарланған болатын.

Заттар 2015 жылы табылған. Әскери қызметкерлерге үйдің жертөлесіндегі танкті шығарып, көлікке тиеу үшін тоғыз сағатқа жуық уақыт қажет болған.

Зейнеткердің Балтық теңізі жағалауындағы Хайкендорф ауылындағы вилласын тінту кезінде қару-жарақ арсеналы табылды. Оның ішінде 1944 жылғы Пантера танкі, 88 миллиметр калибрлі зениттік зеңбірек, Торпедо, 50 миллиметр калибрлі миномет, сонымен қатар көптеген қару-жарақ пен мыңға жуық оқ-дәрі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная