08 желтоқсан 2021 | 15:50

Германияда Меркельдің орнына жаңа канцлер келді

Дина Шарипханова Корреспондент

Германияда дауыс беру қорытындысы бойынша, жаңа канцлер болып социал-демократ Олаф Шольц сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Германияда дауыс беру қорытындысы бойынша, жаңа канцлер болып социал-демократ Олаф Шольц сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Канцлер талқылаусыз жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Бірінші кезеңде жеңіске жету үшін үміткер басым дауыс жинауы керек. Бұл Германия Федератив Республикасының қазіргі бундестагында 736 депутаттың кем дегенде 369-ы дауыс беруі керек дегенді білдіреді.

Шольц 395 дауыс жинады.

Реклама
Реклама

Германия Федератив Республикасы бундестагының төрағасы Бербель Бастың мәлімдемесіне сәйкес, дауыс беруге 707 депутат қатысып, үш бюллетень жарамсыз деп танылған. Шольцтың кандидатурасына 303 адам қарсы дауыс берген. Рәсімге сәйкес, бундестаг төрағасы Шольцке бұл дауыс беру нәтижелерін қабылдай ма деген сұрақпен жүгінді.

"Иә", - деп жауап берді саясаткер.

Осыдан кейін Бербель Бас отырыста үзіліс жариялады. Рәсімге сәйкес, Шольц Германия Федератив Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерден ресми тағайындау алуы керек, содан кейін ол ант береді. Кейін жаңа канцлер ресми түрде өз міндетіне кірісіп, президентке кабинет министрлерінің кандидатурасын ұсынады. Германияның жаңа үкіметінің бірінші отырысы сәрсенбіде кешке өтеді.

Олаф Шольц кейінгі үш жылда Меркель үкіметінде канцлердің орынбасары және қаржы министрі қызметін атқарған.

Бұған дейін Берлинде Ангела Меркель канцлер қызметінен салтанатты түрде кеткен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная