Германияда Мұхаммед балаға қойылатын ең танымал есімге айналған

Германияда Мұхаммед балаға қойылатын ең танымал есімге айналған Фото: CC0 / Pexels

2019 жылы Германияда Анна мен Нұх есімдері жаңа туған нәрестерлерге қойылатын ең танымал есімдерге айналды, - деп хабарлайды germania.one.

2019 жылы Германияда Анна мен Нұх есімдері жаңа туған нәрестерлерге қойылатын ең танымал есімдерге айналды, - деп хабарлайды germania.one.

Қыздар арасында жиі кездесетін екінші танымал есім Эмма, үшінші орында Миа есімі тұр. Ұлдарға жиі қойылатын екінші танымал есім Бен, ал үшінші орынды Пол есімі иеленді. 

Қыздарға қойылатын есімдердің үздік ондығына Эмилия, Лина және Мила кірді. Ал ұлдарға Луис, Феликс және Финн есімдері жиі қойылады екен.

Жарнама
Жарнама

Берлинде қыздарға қойылатын ең танымал есім - Ханна. Жаңа туған нәрестерлерге қойылатын ең танымал есім Мұхаммед болды. Бірақ бұл есімнің әртүрлі емледе жазылған нұсқасын кездестіруге болады (Muhammed, Mohammad, Muhammet, Mohamad, Mohammed, Muhamed, Muhammad, Muhamet немесе Muhamad).

Қыздарға қойылатын екінші танымал есім - Эмилия, үшінші орында Эмма тұр. Ал ұлдарға қойылатын екінші танымал есім - Нұх, үшінші орында - Луис. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама