13 қаңтар 2022 | 12:08

Германияда Telegram бұғатталуы мүмкін

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото ©РИА Новости

Германияның ішкі істер министрі Нэнси Фезер елде Telegram мессенджері бұғатталуы мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Германияның ішкі істер министрі Нэнси Фезер елде Telegram мессенджері бұғатталуы мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасай отырып.

Германияның ішкі істер министрі компания елдің ішкі заңдарын ескермесе, осындай шараларға жүгінуге тура келетінін айтты. Бұл Telegram-дағы экстремистік мәлімдемелер мен вакцина, карантинге бойкот жариялауға шақыру тарату туралы мәселелерге қатысты болып отыр.

"Біз - құқықтық мемлекетпіз, бірақ мұндай мүмкіндікті жоққа шығара алмаймыз. Бұғаттау ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін, әрине, бұл соңғы шара болады", - деді неміс саясаткері.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, Германия Еуропа Одағындағы серіктестерімен Telegram-ды қалай реттеу керегін талқылап жатыр.

"Telegram бүгін Дубайда жұмыс істеп жатыр, ал ертең Кайман аралдарында болуы мүмкін. Құқықтық нормаларды іске асыру үшін бізге көп күш қажет. Германия мұны жалғыз өзі шеше алмайды", - деді ол.

Алайда, Германия ІІМ өкілі Telegram-ды бұғаттау туралы ешқандай техникалық немесе құқықтық ақпарат айтқан жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная