ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қараша 2018 | 10:40
Германияда ұшақтар соқтығысып, ұшқыш қаза болды
Германияда сенбіде Эркеленц-Кюкховен аэродромының маңында жеңіл моторлы екі ұшақ соқтығысып қалып, ұшқыш қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Германияда сенбіде Эркеленц-Кюкховен аэродромының маңында жеңіл моторлы екі ұшақ соқтығысып қалып, ұшқыш қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, ұшақтың бірі құлап, толықтай өртеніп кеткен. 70 жастағы ұшқыш оқиға орнында қаза болған. Ал екінші ұшақтағы 60 жастағы ұшқыш ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.
Төтенше жағдайдың себептері әзірше белгісіз. Екі ұшқыштың да тәжірибесі мол екені және сол күні ауа райының жақсы болғаны айтылады.
Қазіргі уақытта полиция мен федералды қызметтегілер төтенше жағдайға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.
Показать комментарии
Читайте также