ПОДЕЛИТЬСЯ
31 шілде 2020 | 16:18
Германиядағы қазақ диаспорасы жіберген гуманитарлық көмек неге кешікті? СІМ түсінік берді
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Германиядағы қазақ диаспорасы жіберген гуманитарлық көмек неге кешіккеніне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Германиядағы қазақ диаспорасы жіберген гуманитарлық көмек неге кешіккеніне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Осыған дейін әлеуметтік желіде видео тараған болатын. Онда European Kazakh Forum бірлестінің төрағасы Өмірхан Алтын Германиядағы қазақ диаспорасы жіберген дәрілер Қазақстанға әлі жіберілмегенін айтып шағымданған еді.
Бұл мәселеге қатысты Қазақстанның сыртқы істер министрлігі түсінік берді.
"Қазіргі таңда Германия мен Қазақстан арасында тікелей тұрақты әуе қатынасы болмағандықтан барлық гуманитарлық көмек "репатриациялық" чартерлік рейстермен Майндағы Франкфурт қаласынан жеткізіледі.
Осыған байланысты біздің қазақ диаспоралары мен отандастарымыз тарапынан Германияның түрлі қалаларында, оның ішінде Мюнхендегі Қазақстанның дипломатиялық миссияларына ұсынылған барлық гуманитарлық жүк Қазақстанның Майндағы Франкфурт қаласында орналасқан Бас консулдығында жиналып, кейін бір үлкен партиямен елге жіберіледі", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, сыртқы істер министрлігі құрамында дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтар бар жүктердің тиіс сертификациялық құжаттары болуы керегін атап өтті. Бұл - Германия мен Қазақстанның кедендік қызметтерінің талабы.
"Қазіргі уақытта Қазақстанның Франкфурттағы Бас консулы Ермұхамбет Қоныспаев қазақ диаспорасының өкілдері – European Kazakh Forum бірлестігі мүшелерімен байланыста. Олар бірлесіп жинаған гуманитарлық көмекті Қазақстанға жолдау үшін тікелей Қазақстанның Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығына жеткізу бойынша өзара уағдаластыққа қол жеткізді. Тамыз айының ортасында гуманитарлық көмектің келесі партиясын елге жолдау жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также