14 желтоқсан 2021 | 12:09

Гонконг әкімшілігі басшысына қоқан-лоқы көрсетілетіні жазылған хат жолданған

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Кэрри Лэм. Сурет:gov.hk

Гонконг әкімшілігі басшысы Кэрри Ламның атына қоқан-лоқы көрсетілетіні жазылған хат пен пышақ салынған конверт арнайы әкімшілік аймақтың үкіметтік кешенінің пошта жәшігінен табылған. Бұл туралы Гонконг Үкіметі сайтындағы мәлімдемеде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Гонконг әкімшілігі басшысы Кэрри Ламның атына қоқан-лоқы көрсетілетіні жазылған хат пен пышақ салынған конверт арнайы әкімшілік аймақтың үкіметтік кешенінің пошта жәшігінен табылған. Бұл туралы Гонконг Үкіметі сайтындағы мәлімдемеде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Конверт 13 желтоқсанда кіріс поштасын жоспарлы тексеру кезінде табылған, содан кейін осы жағдай туралы полицияға арыз берген.

"Гонконг әкімшілігі басшысы кеңсесінің ресми өкілі бұл әрекетті айыптады. Гонконг - заңға бағынатын қоғам және зорлық-зомбылық пен қорқыту сияқты заңсыз әрекеттерге жол бермейді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Егер лауазымды тұлғаның, мейлі ол әкімшілік басшысы болсын, мемлекеттік қызметін орындауына ықпал ету үшін заңға қарсы құралдар қолданылса, Гонконг үкіметі бұл іске барынша байыпты қарайды әрі мемлекеттік қызметшілердің қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпке кепілдік беру үшін кінәлілерді жауапкершілікке тартуда бар күш-жігерін пайдаланатыны айтылды.

Қоқан-лоқы жасалатыны жазылған хат үкімет үйіне 19 желтоқсанда өтетін арнайы әкімшілік аймақтың заң шығарушы ассамблеясына сайлау қарсаңында түскен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная