21 қараша 2019 | 09:53

Гонконгта митинг кезінде қазақстандық студент ұсталды

© REUTERS

Гонконгта наразылық шарасы кезінде қазақстандық 1-курс студенті Абилькаир Нукпи ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Гонконгта наразылық шарасы кезінде қазақстандық 1-курс студенті Абилькаир Нукпи ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Гонконг қалалық полицияның мәліметінше, қазақстандық студент 18 қарашада ереуіл кезінде ұсталған, ол Баптист университетінің 1-курс студенті Абилькаир Нукпи", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ведомство мәліметінше, қазақстандықтың жағдайы дұрыс, тек оң қолын жарақаттап алған. Ешқандай шағымы жоқ дейді.

"Бүгін студентке қатысты іс бойынша алдын ала сот тыңдалымы өтті. Қазргі уақытта біздің бас консулдық осы істі ерекше бақылауға алды. Соңғы күнде Гонконгта 4 мыңнан аса адам ұсталды", - деді министрліктің баспасөз қызметіндегілер.

Осыған байланысты СІМ өкілдері Гонконгта оқып жатқан студенттерге Қазақстанға қайтуға кеңес береді.

Еске салайық, мұның алдында митинг салдарынан қазақтандық студенттердің Гонконгтан кетіп жатқаны хабарланған болатын. "Гонконгтағы наразылық шараларының ушығуына, соның ішінде университеттер аумағы мен іргелес жатқан аудандарда жағдайдың шиеленісуіне байланысты бірқатар жоғары оқу орны, оның ішінде қазақстандық студенттер оқитын университеттерде екінші семестрге дейін сабақтарды тоқтату немесе қашықтан оқытуға көшу туралы шешім қабылданды. Бұл - 2020 жылдың қаңтар айы", - деген еді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная