07 желтоқсан 2021 | 13:34

Гонконгта "омикрон" штамын жұқтырудың ерекше жағдайы анықталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Гонконгте "омикрон" штамының ерекше жағдайы тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) сайтында жарияланған зерттеуге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Гонконгте "омикрон" штамының ерекше жағдайы тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) сайтында жарияланған зерттеуге сілтеме жасап.

Гонконгтағы түрлі елден келген туристер оқшауланған қонақүйде канадалық вакцина алған адам Оңтүстік Африкадан келген саяхатшыдан дәліз арқылы "омикрон" штамын жұқтырып алған.

Зерттеушілердің айтуынша, қонақтар бір-бірімен байланыспаған, Pfizer-BioNTech препаратының екі дозасын алған. Ұшудан 72 сағат бұрын екі ер адамның да коронавирус сынақтары теріс нәтиже көрсеткен.

Реклама
Реклама

Қытайға келгеннен екі күн өткен соң, Оңтүстік Африкадан келген саяхатшы коронавирусты асимптоматикалық түрде жұқтырып, бір күннен кейін ауруханаға түсті. Канадалық бұл адаммен бір қабатта, қарама-қарсы бөлмеде тұрған, бұл азаматта да үш күннен кейін COVID-19 жеңіл белгілері анықталып, ауруханаға түсті.

Көрші бөлмелерде тұратын 12 адамнан және қонақүй қызметкерлерінен коронавирус анықталған жоқ.

Тергеу барысында ер адамдар өз нөмірлерінен шықпағаны анықталды, мұны бейнебақылау камераларындағы жазбалар да растады. Сондай-ақ, олар бірдей заттарды қолданбаған және басқа адамдар оларға кірмеген. Туристер тек қонақүй қызметкерлері есік алдында қалдырған тамақты алып, үш күнде бір рет өткізілетін ПТР тестін тапсыру үшін есіктерін ашқан.

Осыған байланысты ғалымдар "омикрон" дәліздегі ауа арқылы берілуі мүмкін деп санайды, өйткені екі үлгіден алынған вирустың геномдары тек 1 нуклеотидпен, яғни генетикалық ақпаратты сақтайтын және тасымалдайтын жасуша қосылыстарымен ерекшеленді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная