31 қаңтар 2022 | 17:10

Гонконгте пандемия кезінде туған күнге барған жоғары лауазымды шенеунік отставкаға кетті

Каспар Цуй. Фото:gov.hk

Гонконгтің ішкі істер министрі Каспар Цуй COVID-19 пандемиясы кезінде, жанжалды отырысқа қатысқаннан кейін қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гонконгтің ішкі істер министрі Каспар Цуй COVID-19 пандемиясы кезінде, жанжалды отырысқа қатысқаннан кейін қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Жанжал Каспар Цуй мен жергілікті әкімшіліктің басқа да бір топ шенеуніктерінің коронавирусқа қарсы шараларды бұзуына байланысты.

Бұқаралық ақпарат құралдары мәліметінше, қаңтардың басында Гонконгте Бүкілқытайлық халық өкілдері конгресінің (ХҰҚ) делегаты саналатын жоғары лауазымды шенеунік Уитман Хонгтың туған күніне байланысты жанжал шыққан. Қаладағы мейрамханалардың бірінде өткен ауқымды мерекеге 170-ке жуық қонақ келген.

Реклама
Реклама

Қонақтар арасында, жаңадан сайланған заң шығару кеңесінің кемінде 20 мүшесі және Гонконгтың ішкі істер бюросының басшысы болған. Мереке Гонконгте эпидемиологиялық жағдай нашарлаған кезде өткен, оған қоса екі қонаққа коронавирус диагнозы қойылған. Бұл билік тарапынан кері реакция тудырды.

Гонконгтің бас атқарушы директоры Кэрри Лам шенеуніктерді "той өткізгені" үшін қатаң сынға алды және оларды карантинге жіберуге тапсырды. Тәртіп бұзушыларға қатысты тәртіптік тергеуді бастауды бұйырды, әсіресе 44 жастағы Каспар Цуйдің мінез-құлқын сынға алды. Ол жанжалға қатысы бар ең жоғары лауазымды шенеунік.

"Эпидемияға қарсы күрес жетекшілерінің бірі ретінде, мен індет кезінде жақсы үлгі көрсеткен жоқпын. Мен 3 қаңтарда болған банкетке қатысу туралы қате шешім қабылдадым және өзімді дұрыс ұстамадым. Мен өз әрекеттерім үшін жауапкершілікті өз мойныма аламын және отставкаға кетемін", - деді Цуй.

Ол 2020 жылдың сәуірінен бастап Гонконг Ішкі істер бюросының басшысы қызметін атқарды.

Бұған дейін Гонконгте омикрон штамын жұқтырудың бірегей оқиғасы тіркелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram