17 қаңтар 2022 | 09:33

Градскийдің жесіріне қарулы шабуыл жасалып, 100 миллион рубль ұрланған

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: © ИЗВЕСТИЯ/Павел Волков, РИА Новости/Илья Питалев

Марина Коташенко қарақшылар құрбаны болды. Қылмыскерлер Александр Градскийдің жесіріне жол апатын жасап, тұзаққа түсіріп, кейін оны тонап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StarHit сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Марина Коташенко қарақшылар құрбаны болды. Қылмыскерлер Александр Градскийдің жесіріне жол апатын жасап, тұзаққа түсіріп, кейін оны тонап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StarHit сайтына сілтеме жасап.

Оқиға қала шетінде болған. Бұқаралық ақпарат құралдары мәліметінше, Марина Коташенко көлікпен келе жатқанда, кенеттен оған басқа көлік соғылған. Әйел көліктен түскенде, оған үш ер адам шабуыл жасаған. Кейін олар әйелдің көлігіне отырып, қару кезеніп, оны қорқыта бастаған. Олар Коташенконың үйіне қайтып барып, шамамен 100 миллион рубльді алып кеткен.

"Комсомольская правда" газетіне құқық қорғау органдарындағы дереккөз берген мәлімет бойынша, Александр Градскийдің жесірі тоналғаннан кейін жеті сағаттан соң ғана полицияға арыз жазған. Оның айтуынша, қылмыскерлер әйелді полицияға барсаң, кейін "қайта келіп, балаларымен қоса өлтіреміз" деп қорқытқан.

Реклама
Реклама

Қазір полиция қарулы қарақшыларды іздестіріп жатыр. Қызметкерлер жәбірленушіден жауап алған. Шабуыл кезінде Коташенко зардап шекпеген.

Александр Градский қайтыс болар алдында Марина Коташенкоға үйленген еді. Ол кезде олар 18 жыл бірге болған, екі ұлы бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная