07 ақпан 2022 | 09:17

Грекия тауларында үш альпинист өлі табылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
©REUTERS

Грекиядағы танымал Калаврита тау шаңғысы курортының жанында үш альпинист өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Грекиядағы танымал Калаврита тау шаңғысы курортының жанында үш альпинист өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Афина ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 5 ақпан күні 40, 49 және 56 жастағы үш ер адам із-түзсіз жоғалған. Олар биіктігі 2355 метр Гельмос тауына шығу үшін Калавритадан таңертең шыққан.

Ведомствоның хабарлауынша, тікұшақтардың қолдауымен 22 өрт сөндіруші бірнеше сағат бойы іздеу жұмыстарын жүргізді. Ер адамдардың мәйіттері кейбір заттары тікұшақтан көрінгеннен кейін табылған, оларды анықтау үшін ауруханаға жеткізілді.

Реклама
Реклама

Туристердің өліміне қар көшкіні себеп болғаны анықталды.

Бұған дейін әлемге әйгілі оңтүстіккореялық альпинист Пәкістан тауларында өрмелеу кезінде жоғалып кеткен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная