ПОДЕЛИТЬСЯ
06 маусым 2020 | 10:51
Грекия Түркиямен соғысқа дайын екенін мәлімдеді
Грекияның ұлттық қорғаныс министрі Никос Панайотопулос Грекия өзінің егемендік құқығын қорғау үшін арандатушылық болған жағдайында Түркияға қарсы әскери әрекеттерге дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Грекияның ұлттық қорғаныс министрі Никос Панайотопулос Грекия өзінің егемендік құқығын қорғау үшін арандатушылық болған жағдайында Түркияға қарсы әскери әрекеттерге дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Оның айтуынша, Қорғаныс министрлігі соңғы уақытта түрік тарапынан арандатушылық санының артқанын байқап отыр.
"Түркияның іс-әрекеті соңғы уақытта өте агрессивті. Менің ойымша, Грекия үшін мұндай әрекеттерді жеңудің жалғыз жолы - бір жағынан, өзінің барлық дипломатиялық қаруын пайдалану, ал екінші жағынан - Қарулы күштерді ұлғайтуды қамтамасыз ету", - деді Панайотопулос.
Грекия қақтығысты әскери күшпен шешуге дайын ба деген сұраққа Панайотопулос: "Дәл осылай!", - деп жауап берді. Бұл туралы мұның алдында премьер-министрдің кеңесшісі де айтқан.
Айта кетейік, бұған дейін Түркияның үкіметтік газетінде мемлекеттік түрік мұнай компаниясының Греция аралдарына жақын маңдағы көмірсутектерін зерттеу мен өндіруге лицензия алуға өтінім жарияланған болатын.
Грекияның сыртқы істер министрі Никос Дендиас Түркия Грекияның егемендік құқығын таптауға тырысып жатқанын және грек құрлықтық қайраңында мұнай мен газды барлауға лицензия беру - арандатушылық екенін атады. Греция Түркия тарапынан болуы мүмкін эскалация - грек-түрік дағдарысына емес, еуропалық-түрік дағдарысына алып келетінін мәлімдеді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также