Грекияда билеуші партия мүшелерінің үйі өртенді: бір адам қаза тапты

Нұрила Достарқызы Корреспондент
Грекияда билеуші партия мүшелерінің үйі өртенді: бір адам қаза тапты Фото: protothema.gr

Грекия билігі Грекияның билеуші консервативтік "Жаңа демократия" партиясы мүшелерінің үйлеріне таңсәріде жасалған үш өрт қою шабуылы салдарынан бір адамның қаза тауып, бірнеше адамның жараланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz ProtoThema-ға сілтеме жасап.

Грекия билігі Грекияның билеуші консервативтік "Жаңа демократия" партиясы мүшелерінің үйлеріне таңсәріде жасалған үш өрт қою шабуылы салдарынан бір адамның қаза тауып, бірнеше адамның жараланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz ProtoThema-ға сілтеме жасап.

Шабуылдар Грекияның солтүстігіндегі Салоники қаласында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің маңында таңертең ерте болған. Шабуыл жасағандар көзден жас ағызатын газ баллондарынан жасалған жарылғыш құрылғыларды пайдаланған. Соның салдарынан автокөліктер мен мотоциклдер өртеніп кеткен. Зардап шеккендер түрлі жарақат алған.

Алдын ала мәлімет бойынша, көліктердің бірі "Жаңа демократия" партиясынан парламент депутаттығына кандидат Афродита Нестораға тиесілі болған. Нестора күйік жарақатын алған, ал оның анасы алған жарақаттарының салдарынан жансақтау бөлімінде көз жұмған. Полицияның мәліметінше, көпқабатты үйдің тағы екі тұрғыны ауруханаға жеткізілген.

Жарнама
Жарнама

Премьер-министр әрі "Жаңа демократия" партиясының жетекшісі Кириакос Мицотакис сәрсенбі күні түстен кейін Салоникиге барып, ауруханада жатқандардың жағдайын сұраған. Мицотакис адам өлімін қоғамдағы "мәнсіз зорлық-зомбылықтың" көрінісі деп атады.

"Экстремистер төккен қан мен олар қоғамға сепкен алауыздыққа бұдан былай жол берілмейді. Мемлекеттің заңдылығы мен қоғамның бірлігі терроризмнің орнын көрсетіп, оны шетке ысыруы тиіс!", - деп жазылған Мицотакистің мәлімдемесінде.

Премьер-министр Грекияның табанды еңбектің арқасында экономикалық өрлеуге қол жеткізіп, бұрынғы ішкі қайшылықтарды еңсергенін айтты. "Ел ешқашан артқа шегінбейді", – деп қосты ол.

Грекиядағы астыртын әрекет ететін радикалды топтардың билік нышандарына немесе саясаткерлердің, полиция қызметкерлерінің және басқа да лауазымды тұлғалардың мүлкіне шабуыл жасауы салыстырмалы түрде жиі кездеседі. Көп жағдайда материалдық шығын келтірілгенімен, адам зардап шекпейтін.

2025 жылғы шілдеде Салоникиде Грекия түрме қызметкерлері қауымдастығының президентінің үйінің маңында бомба жарылған. Оның өзі зардап шекпегенімен, тағы екі адам әйнек сынықтарынан жеңіл жарақат алған.

Ал 2024 жылғы маусымда Афиныда жоғары лауазымды судьяның үйін күзетіп жүрген полиция қызметкері жанармай құйылған қолдан жасалған бомбаның жарылуы салдарынан жараланған болатын.

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама