Грекияда тұрғындарды коронавирустан қорғайтын әдіс табылды

Фото: pixabay.com

Грекияда 1 маусымнан бастап тұрғындар коронавирус жұқтырмауы үшін БЦЖ екпесін салады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Грекияда 1 маусымнан бастап тұрғындар коронавирус жұқтырмауы үшін БЦЖ екпесін салады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Жергілікті БАҚ таратқан мәліметтерге қарағанда бұл шараны дәрілік заттар жөніндегі ұлттық агенттік қолдаған. Вакцинаны Афина, Салоники, Патры және басқа да қалаларда салады. Мұндай шараны Германия, Австралия және Нидерланды қолданып жатыр.

БЦЖ екпесінің тиімділігін ғалымдар үш жыл бойы жүргізген зерттеуі арқылы дәлелдеді. Вакцина салдырған адамдарға респираторлық инфекцияның таралу қаупі бес есе аз болады екен. Мамандардың пікірінше, бұл арқылы адамдарды коронавирус тобындағы қауіптен қорғауға болады.

Реклама
Реклама

"Арнайы вакцина жоқ кезде жалпы қорғаныш қасиеті бар басқа вакциналар арқылы иммунитетті сақтауға болады. Мысалға, туберкулезға қарсы екпе", - деді Каподистрия  атындағы Афина ұлттық паталогия және инфекция университетінің профессоры Эвангелос Ямареллос.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама