ПОДЕЛИТЬСЯ
07 ақпан 2021 | 14:27
Грекияның бірнеше ауданында коменданттық сағат жарияланды
Грекияның Аттика облысы мен тағы бірнеше ауданда 15 ақпанға дейін коменданттық сағат жарияланды, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Грекияның Аттика облысы мен тағы бірнеше ауданда 15 ақпанға дейін коменданттық сағат жарияланды, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, биліктің бұл шешіміне аймақтағы күрделі эпидемиологиялық ахуал себеп болған. Жаңа шектеулер демалыс күндеріне ғана қатысты.
Бүгінде 11 миллион халқы бар елде әзірге 80 жастан асқан қарт тұрғындар мен медицина қызметкерлеріне ғана вакцина салынып жатыр.
Айта кетейік, Грекияда соңғы бір тәуліктің ішінде 1 113 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Оның ішінде, 29 науқас қайтыс болды. Жалпы пандемия басталғалы елде 163 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырған. Олардың 6 мыңға жуығы қайтыс болдыы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также