Грекияның солтүстігінде украиналық ұшақ апатқа ұшырады - БАҚ

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
ertnews.gr

Грекияның солтүстігіндегі Кавала қаласына жақын жерде украиналық компанияға тиесілі Ан-12 жүк ұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ бортында сегіз адам болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Расталмаған мәліметтер бойынша, ұшақ бортында қауіпті жарылғыш заттар болған.

ERT мемлекеттік телеарнасы украиналық компанияға тиесілі Ан-12 ұшағы Сербиядан Иорданияға ұшып бара жатқанда жарялғанын хабарлады. Ұшқыш қозғалтқыш ақауына байланысты шұғыл қондыруды сұраған, бірақ ұшақ сигналы жоғалып кеткен.

Ertnews.gr сайтына жүктелген видеода жанып жатқан ұшақтың тез төмен түсіп кеткені көрсетілген. Өрт сөндіру қызметі ұшақтың түрін растай алмады, бірақ оның бортында сегіз адам болғанын айтты.

Реклама
Реклама

Оқиға куәгерлеріне сілтеме жасаған Еrtnews.gr ұшақ жүгері алқабына қонғанын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама