Швециялық экобелсенді Грета Тунберг бір жылдық үзілістен кейін мектепке оралатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Twitter желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мектептегі бір жылдық үзілісім бітті. Мектепке оралу - қандай керемет", - деп жазды белсенді.
Грета Тунберг 2018 жылы танылған. Сол жылы 15 жасында мектепке барудың орнына Швеция парламентінің маңында наразылық шараларын өткізген. 2019 жылы 9-сыныпты бітірген соң ауа райын қорғауға бағытталған акцияларға қатысу үшін бір оқу жылын өткізген болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!