Грузиядағы курорттардың бірінде төтенше жағдай болды: Аспалы жолдан адамдарды жан-жаққа лақтырды

видеодан үзінді

Грузияны? Ішкі істер министрлігі Гудауридегі аспалы жолда 10 адамны? зардап шегуіне байланысты тергеу шараларын бастады, -деп хабарлайды Грузия Online.

Грузияның Ішкі істер министрлігі Гудауридегі аспалы жолда 10 адамның зардап шегуіне байланысты тергеу шараларын бастады, -деп хабарлайды Грузия Online.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Гудаури таушаңғылы жолының аспалы жолы апатты жағдайда тоқтап, кері қарай жүре бастаған. Оқиға салдарынан 10 адам орта және ауыр деңгейдегі жарақат алған. 

Реклама
Реклама

Оқиға орнына шаңғы патрулі, жедел жәрдем бригадасы келіп, зардап шеккендерді Гудауридегі амбулаторияға жеткізеді. Ал қажет болған жағдайда оларды ауруханаға жеткізу қарастырылған. 

Грузиядағы таулы курортты дамыту компаниясы науқастардың еміне жұмсалатын барлық шығынды көтеретіндерін айтты. 

Гудаури Грузиядағы ең танымал таушаңғылы курорттарының бірі. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама