Грузия мен Әзербайжан шекарасы маңында тікұшақ құлады. Ол түрік әскери тікұшағы болуы мүмкін. Бұл туралы бірқатар БАҚ жазып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақпарат құралдары "Имеди" телеарнасына сілтеме жасаған.
"Грузия мен Әзербайжан шекарасы маңында, болжам бойынша, түрік әскери тікұшағы құлады", – деп жазылған телеарнаның Instagram-парақшасындағы хабарламада.
Қазіргі уақытта бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ. Қаза тапқандар мен жараланғандар туралы да мәлімет түспеген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!