09 қараша 2020 09:27

Грузия оппозиционерлері қайтадан митинг өткізді

© РИА Новости

Грузия астанасы Тбилисидегі орталық сайлау комиссиясы ғимараты алдында наразылық шарасы өтті, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Грузия астанасы Тбилисидегі орталық сайлау комиссиясы ғимараты алдында наразылық шарасы өтті, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, оппозиционерлер қайтадан парламент сайлауын өткізуді талап етіп жатыр. Сондай-ақ, олардың орталық сайлау комиссиясының басшысы отставкаға кетуін талап етіп жатқаны айтылады.

Реклама
Реклама

Мыңдаған адам парламент ғимаратының алдына жиналып, орталық сайлау комиссиясының ғимаратына басып кірмек болған.

Айта кетейік, Грузиядағы парламент сайлауы 31 қазанда өткен болатын. Сайлау комиссиясының мәліметінше, "Грузинская мечта" партиясы жеңіске жеткен.

Наразылық білдірушілердің әрекеті өршуіне байланысты жергілікті полицейлер суатқыш қолданған. Грузияның ІІМ мәліметінше, оппозиционерлер орталық сайлау комиссиясының ғимаратына басып кірмек болғандықтан олар суатқыш қолдануға мәжбүр болған.

Айта кетейік, қазіргі уақытта сайлау комиссиясы ғимараты алдындағы митинг аяқталды. Алайда, басылымның мәліметінше, оппозиционерлер мұнда тағы да наразылық акциясын өткізуге уәде берген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram