06 желтоқсан 2018 10:34

Грузия президентінің күйеу баласы ұсталды

© pixabay.com

Грузия президентінің күйеу баласы Миндия Гогочури ұсталды, - деп хабарлайды Sputnik Грузия басылымы Rustavi2 телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Грузия президентінің күйеу баласы Миндия Гогочури ұсталды, - деп хабарлайды Sputnik Грузия басылымы Rustavi2 телеарнасына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Грузия президентінің күйеу баласы, алдын ала мәлімет бойынша, заңсыз қару сақтады деп айыпталып жатыр. Президенттің өгей қызының азаматтық күйеуі Тбилисиде түнде өткен арнайы операция барысында ұсталған. 

Реклама
Реклама

Полиция барлығы екі адамды ұстаған. Телеарнаның мәліметінше, арнайы операция басталғанда күдіктілер балконнан қару лақтыра бастаған. Ал ол пәтерді Гогочури жалдап тұрған.

Еске салайық, маусым айында да Миндия Гогочуриге қатысты шу шыққан болатын. Ол үш оқ жарақатын алып, аурухуанаға түскен еді. 2017 жылдың қаңтарында да ол оқ жарақатын алған болатын.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram