20 қазан 2020 14:15

Грузияда COVID-19 жұқтырғандар саны өсіп жатыр

Фото: ©РИА Новости

Грузияда бір тәулікте COVID-19 жұқтырғандар саны рекорд көрсеткішке жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агентігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Грузияда бір тәулікте COVID-19 жұқтырғандар саны рекорд көрсеткішке жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агентігіне сілтеме жасап.

Елде бір тәулікте коронавирус жұқтырудың 1 194 дерегі тіркелген. Жалпы COVID-19 жұқтырғандар саны 19 857-ге жеткен.

Реклама
Реклама

Грузияда пандемия басталғалы бері күнделікті ауру өсімінің ең жоғары көрсеткіші 1192 болған еді.

Сондай-ақ, коронавирустан 15 адам қайтыс болған. Жалпы елде аурудан 158 адам көз жұмған.

Айта кетейік, Грузияда жаздың соңынан бері коронавирус тез тарап жатыр. Осыған дейін елде күн сайын коронавирус жұқтырудың 1-10 дерегі тіркелсе, бүгінде бұл көрсеткіш 100-ге жеткен. Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі Тбилиси мен Батумиде тіркелген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram