Грузияда коронавирустың екінші толқыны басталды

© РИА Новости

Грузияда коронавирус пандемиясының екінші толқыны басталып жатыр. Бұл туралы елдің премьер-министрі Георгий Гахария мәлімдеді, - деп хабарлайды "Грузия Online" және Sputnik-Грузия.

Грузияда коронавирус пандемиясының екінші толқыны басталып жатыр. Бұл туралы елдің премьер-министрі Георгий Гахария мәлімдеді, - деп хабарлайды "Грузия Online" және Sputnik-Грузия.

Бейсенбі, 10 қыркүйекте Грузияда елдегі пандемия кезінде COVID-19-дың ең жоғары тәуліктік көрсеткіші тіркелді - 57 адам. Науқастардың саны, соңғы мәліметтер бойынша, 1830 адамға жеткен, 19 адам қайтыс болған. 

"Бүгінгі 57 және кешегі 44 жағдай елдегі эпидемиологиялық жағдай біртіндеп өзгеріп жатқанын көрсетіп отыр. Біз екінші толқын болады деп болжадық және бұл процесс басталып келе жатыр. Күзде болады деп есептедік, күзде басталды. Бастысы дүрбелеңге еш себеп жоқ. Себебі біз жағдайды толығымен бақылауға алып отырмыз", - дейді Гахария.  

Реклама
Реклама

10 қыркүйектен бастап елде мерейтой, үйлену тойы, басқа да іс-шара ұйымдастыруға тыйым салынған. 

1 қазанда ашылады деп жоспарланған театр, кинотеатр және балалардың ойын-сауық орталығының ашылуы 1 қарашаға ауыстырылған. 

Ал Грузияның денсаулық сақтау министрінің орынбасары Тамар Габуния мемлекет коронавирустың тарау көрсеткіші бойынша жасыл аймақтан сары аймаққа өткенін мәлімдеді.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама