ПОДЕЛИТЬСЯ
12 шілде 2021 | 09:44
Грузияда мыңдаған адам наразылық акциясына шығып, үкімет отставкасын талап етті
Тбилисидің орталығында мыңдаған адам наразылық акциясына шығып, үкіметтің отставкаға кетуін талап етті, - деп хабарлайды Deutsche Welle.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Тбилисидің орталығында мыңдаған адам наразылық акциясына шығып, үкіметтің отставкаға кетуін талап етті, - деп хабарлайды Deutsche Welle.
Жергілікті тұрғындар оператор Лексо Лашкараваның өліміне байланысты орталыққа шықты. Оператор 5 шілдеде ЛГБТ өкілдеріне қарсы акция кезінде соққыға жығылған болатын.
"Жүйе өлтіреді! Өмір үшін шық" атты ұранмен өткен акцияны белсенділер мен журналистер ұйымдастырған. Акция қатысушылары Гарибашвилидің үкіметі журналистерге қатысты зорлық-зомбылықты кешіргені үшін кінәлі деп отыр. Олар ел үкіметі 12 шілдеге дейін отставкаға кетуін талап етті.
"Гарибашвили отставкаға кетуі керек және біз, БАҚ өкілдері таңертеңге дейін уақыт береміз", - деді "Хроника+" газетінің редакторы Элисо Киладзе.
Митингіге саясаткерлер, азаматтық белсенділер мен қарапайым азаматтар да қосылды.
Айта кетейік, Еуроодақтың Грузиядағы өкілі Карл Харцель марқұмның отбасына, достары мен әріптестеріне көңіл айтып, ЕО оның өліміне байланысты тергеу жүргізетінін мәлімдеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также