27 қазан 2020 | 09:25

Грузиядағы банк бөлімшесіне шабуыл: ІІМ қаскөйдің аты-жөнін жариялады

© Sputnik

Грузия Ішкі істер министрлігі Зугдиди қаласында банк бөлімшесіне шабуыл жасаған басқыншының аты-жөнін жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Грузия Ішкі істер министрлігі Зугдиди қаласында банк бөлімшесіне шабуыл жасаған басқыншының аты-жөнін жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости

Портал мәліметінше, қаскөй - 1988 жылы туған Бадри Есебуа есімді ер адам. Бұл туралы министрлік өкілі брифинг барысында мәлімдеді. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, 21 қазанда Грузияның Зугдиди қаласында пулеметпен және гранатамен қаруланған қаскөй банк филиалының ғимаратына басып кіріп, 500 мың доллар мен тікұшақ талап еткен. Ол 43 адамды кепілге алған. Кепілдегі адамдарды босатуға қатысты арнайы операция бірнеше сағатқа созылған. Қылмыскер егер тәртіп сақшылары шабуыл жасаса қолындағы гранатаны жарып жіберетінін айтып қорқытқан.

"Қорқынышты түс сияқты". Грузияда тұрғындарды кепілге алған адам әлі ұсталмаған

21 қазан кешкі уақытта телекомпаниялар арнайы операцияның аяқталғанын және кепілге алынғандардың бәрі босатылғанын хабарлады.

"Ішкі істер министрлігінің ескертуіне қарамастан кейбір БАҚ қаскөй туралы ақпарат таратып жіберген. Жедел-тергеу жұмыстарының нәтижесінде банк бөлімшесіне шабуыл жасаған 1988 жылғы Бадри Есебуа есімді ер адам екені анықталды. Оның мекенжайын анықтау мақсатында полиция арнайы операция мен тергеу жұмыстарын белсенді жүргізеді", - деді ІІМ өкілі.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная