13 шілде 2021 09:21

Грузиядағы журналист өлімі: ІІМ мәлімдемесінен кейін наразылық басталды

Тәртіпсіздік кезінде соққыға жығылған оператор Лексо Лашкарава. © newsgeorgia.ge (Новости-Грузия)

Грузиядағы "Пирвели" оппозициялық телеарнасының операторы Лексо Лашкараваның өлімінің алдын ала себебі аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Новости-Грузия басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Грузиядағы "Пирвели" оппозициялық телеарнасының операторы Лексо Лашкараваның өлімінің алдын ала себебі аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Новости-Грузия басылымына сілтеме жасап.

Грузия ІІМ өкілдерінің брифингте айтқан мәліметінше, сараптаманың аралық дерегіне сенсек, оператор есірткінің артық мөлшерін қабылдаудан қайтыс болған-мыс. 

"Химиялық сараптама қорытындысына сәйкес, Лексо Лашкараваның денесінен алынған сынамаларда есірткі бар - морфин, кодеин, тетрагидроканнабинол, габапентин және моноацетин морфин.

Сараптамаға сәйкес, өлім себебі осы құралдардың артық дозалануы болуы мүмкін, бұл аралық қорытынды екенін айта кетуіміз керек", - деді ІІМ өкілдері.

Реклама
Реклама

Ведомство мәліметінше, Александр Лашкарава оқиғадан бір күн бұрын Бахтриони көшесіндегі дәріханадан психотроптық препараттар мен бірреттік қолдануға арналған ине сатып алған. ІІМ өкілдері Лашкарава "есірткіні досымен бірге сатып алып, қолданғаны және кейін жағдайы екі рет нашарлағаны" "іс бойынша дәлелдермен расталып отырғанын" мәлімдеп отыр.

Сонымен қатар, ІІМ-дегілер тергеу қолданған бейнебақылау камералары жазып алған видеоны жариялады.

Алайда ІІМ брифингінде айтылған мәлімдемеден кейін жаңа наразылық басталды. Акция 12 шілдеде кешкі уақытта Руставели даңғылында басталып, қатысушылары "Грузинская мечта" билік партиясы кеңсесіне қарай жүрген.

"Мен де ертең Руставелиде осындай жағдайда болып, 20 адамнан соққы көрсем, мені де көптеген проблемасы болған деп шығаратын шығар! Шығыңдар, наразылықтарыңды айтыңдар!" - деп үндеді атақты актер әрі тележүргізуші Ило Берошвили акцияда.

© newsgeorgia.ge

Басылым мәліметінше, Лексо Лашкараваны 5 шілдеде радикал гомофобтар соққыға жыққан. Бұл кезде марқұм азаматтық белсенділердің кеңсесіне басып кіру сәтінен репортаж түсіріп жүрген. Журналист Миранда Багатурияның айтуынша, оның операторын жиырмаға жуық адам ұрып-соққан. Лашкараваның бет сүйегі сынған, сосын оған ота жасалған. Алты күннен кейін, 11 шілдеде таңертең анасы оны өз төсегінде өлі тапқан. ІІМ осы дерек бойынша тергеу бастаған. Осы уақытта "Пирвели" телеарнасының түсірілім тобына күш көрсету дерегімен бес адам ұсталғаны хабарланған.

Жексенбіде, Лексо Лашкараваның өлімі күні Тбилисиде оппозициялық БАҚ наразылық акциясын өткізіп, оған бес мыңға жуық адам қосылды.

Наразылықта премьер-министр Ираклий Гарибашвили мен ІІМ басшысы Вахтанг Гомелауридің отставкасы талап етілді. Оппозиция оларды радикал топтарды қорғады және азаматтардың, БАҚ-тың құқығын қорғай алмайды, қоғамдық тәртіп орнатуға қауқарсыз деп айыптады. Кеше Руставели даңғылында тағы да акция өтіп, үкімет басшысын отставкаға жіберу талап етілді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram