Грузияның министрлер кабинеті ел президентін сотқа берді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Грузияның министрлер кабинеті ел президентін сотқа берді Фото: Sputnik / Alexander Imedashvili

Грузия министрлер кабинетінің баспасөз қызметі үкімет мүшелері республика президенті Саломе Зурабишвилидің үстінен Конституциялық сотқа шағым түсіргенін мәлімдеді, - деп хабарлайды mk.ru сайты.

Грузия министрлер кабинетінің баспасөз қызметі үкімет мүшелері республика президенті Саломе Зурабишвилидің үстінен Конституциялық сотқа шағым түсіргенін мәлімдеді, - деп хабарлайды mk.ru сайты.

Үкімет аппаратының басшысы Реваз Джавелидзенің айтуынша, Конституциялық сотқа жүгінуге президенттің үкіметтің ұсынысымен бірқатар елдерге елшілерді тағайындаудан бас тартуы себеп болған. Ал елшілерді тағайындау және оларды босату Грузия президентінің конституциялық құзыретіне жатпайды.

"Грузия үкіметі елшілер мен дипломатиялық миссиялардың басшыларын тағайындау және босатуға қатысты президент пен Грузия үкіметі арасындағы өкілеттіктерді бөлуге қатысты конституциялық шағымды түсіндіруді сұрайды", - делінген сотта.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама