Гүлнара Каримова әкесіне ән арнады
Желіде Ислам Каримовті еске алу бейнебаяны пайда болды. Оны YouTube хостингіне "Фергана.ру" ақпарат агенттігі жариялады.
Желіде Ислам Каримовті еске алу бейнебаяны пайда болды. Оны YouTube хостингіне "Фергана.ру" ақпарат агенттігі жариялады.
Агенттіктің мәліметінше, Өзбекстан президентін еске алу құрметіне арналған әнді марқұмның үлкен қызы Гүлнара Каримова айтты делінеді. Видеоролик 1991 жылдың 31 тамызында түсірілген архив кадрларынан жасалған, осы жылы Өзбекстанда тәуелсіздік жария етілген болатын.
Үлкен қызы Гүлнара Кәрімова қоғам белсендісі болып, зергерлік бұйымдардың дизайнымен айналысып, Gooogoosha лақапатымен ән де айтып жүрді. Сонымен қатар, ол саясатқа да біраз араласты. 2013 жылға дейін сарапшылар оны әкесінің мұрагері болуы мүмкін екенін айтқан. Гүлнара бірінші жұбайымен АҚШ-та он жылға жуық уақыт тұрған. Нью-Йоркте сән мен дизайнды оқыған. Гарвард университетінде оқып, дәреже де алған. 2010 - 2012 жылдары Испанияда елші қызметінде болған. Алайда 2012 жылдан бастап ол 10 елде, оның ішінде туған жері Өзбекстанда өткізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулердегі істе фигуранттардың бірі болды.
© bbc.com
Ал осыған дейін Өзбекстан президентінің кіші қызы Лола Каримова-Тилляева Instagram желісінде әкесінің қайтыс болғанын мәлімдеді. "Ол бізді тастап кетті... Сөз таңдап отырып, өзім сене алар емеспін", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі ресми аккаунтында.
Еске салайық, Өзбекстан президенті Ислам Каримов 78 жасында қайтыс болды. Ислам Каримовті жерлеу рәсімі Самарқанда 3 қыркүйекте өтеді. Президенттің қазасына байланысты Өзбекстанда үш күнге қаралы күн жарияланады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримовтің қайтыс болуына байланысты Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Нигматилла Юлдашевке көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын. Конституцияға сәйкес, президенттің міндетін уақытша орындаушы - Өзбекстан Республикасының Олий Мәжілісінің Сенат төрағасы Нигматилла Юлдашев.