18 сәуір 2021 | 09:19

Гүлнара Каримовадан тәркіленген мүлік көрсетілді

© ft.com

Өзбекстанда журналистерге Гүлнара Каримовадан тәркіленген және сатылымға қойылған "Сиджак" демалыс үйі көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kun.uz басылымына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстанда журналистерге Гүлнара Каримовадан тәркіленген және сатылымға қойылған "Сиджак" демалыс үйі көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kun.uz басылымына сілтеме жасап. 

Жылжымайтын мүлік Ташкент облысының Бостанлык ауданында, теңіз деңгейінен 959 метр биіктікте, Пскем өзенінің оң жағалауында орналасқан.

Жер учаскесінің жалпы ауданы 5,4 гектар. Ғимараттар мен құрылыстардың жалпы ауданы - 5016,1 шаршы метр.

Реклама
Реклама

Кешен аумағында қонақүйлер, коттедждер, ашық және жабық бассейндер, теннис алаңы, спорт залдары және басқалары бар.

"Сиджак" демалыс үйі 2017 жылдың ақпанында Өзбекстанның қайтыс болған президенті Ислам Каримовтың үлкен қызынан тәркіленді. Кейіннен бұл орталық Триатлон федерациясына уақытша пайдалануға берілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная