20 тамыз 2019 10:07

Гүлнара Каримоваға қатысты жаңа қылмыстық істер қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости/Валерий Левитин © РИА Новости/Валерий Левитин

Өзбекстанның бас прокуратурасы елдің тұңғыш президентінің қызы Гүлнара Каримоваға қатысты жаңа қылмыстық істер қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Өзбекстанның бас прокуратурасы елдің тұңғыш президентінің қызы Гүлнара Каримоваға қатысты жаңа қылмыстық істер қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Прокуратураның мәліметінше, Каримова мемлекет қаражатын жымқырды, Өзбекстан Республикасы мүдделеріне қайшы келісімшарттар жасасты, сондай-ақ, бопсалау арқылы аса ірі мөлшерде ақшы жымқырды деп айыпталып отыр. 

"Қылмыстық іс қозғауға халықаралық White and Case заңгерлік компаниясынан және халықтан келіп түскен хаттар негіз болды", - делінген хабарламада.

Тергеу мәліметінше, Каримова тағы бірнеше адаммен алдын ала келісіп, мемлекетке тиесілі  "Кувасайцемент" және "Бекабадцемент" АҚ акцияларын төмен бағамен сатып алып, кейін акция пакеттерін заңсыз түрде шетелден келген кәсіпкерлерге сатып отырған. Осылайша Каримова мемлекетке аса ірі көлемде шығын келтірген.

Прокуратурадағылар тергеу мүддесіне сәйкес басқа мәліметтер жарияланбайтынын айтты.

Еске салайық, Гүлнара Каримова 2015 жылдың тамызында 5 жыл бас бостандығынан айырылған болады. Сол кезде оның мемлекетке келтірген залалы 2 миллиард доллар екені айтылған еді. Мемлекет пен азаматтардың мүддесіне екі қылмыстық іс бойынша келтірілген шығынның жалпы сомасы - 1 триллион 270 миллиард 200 миллион сом, 1 миллиард 651,8 миллион доллар, 26,1 миллион еуро (ұлттық валютадағы жалпы сома - 3 триллион 746,8 миллион сом) деген еді прокуратудағылар.

Гүлнара Каримоваға қатысты шыққан сот үкімі қайта қаралды

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети