13 наурыз 2021 | 09:18

Гүлнара Каримованың абақтыда жазған өлең жолдары жарияланды

© instagram/iman.k17

Өзбекстанның қайтыс болған президентінің үлкен қызы Гүлнара Каримова абақтыда жазған өлеңін жариялады. Бұл туралы оның қызы Иман Каримова Instagram-да жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстанның қайтыс болған президентінің үлкен қызы Гүлнара Каримова абақтыда жазған өлеңін жариялады. Бұл туралы оның қызы Иман Каримова Instagram-да жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Иманның айтуынша, ол бостандыққа шыққан тұтқындар арқылы анасынан хабар алған.

"Жақында КИН-21-ден шыққан өте батыл әйелдердің арқасында біз анамыз туралы, оның денсаулығы туралы ақпарат алдық. Онда осы өлең жолдарын жазыпты. Өкінішке қарай, бізде онымен байланыс жоқ: хаттарымыз берілмейді, адвокаттар кіргізілмейді, тіпті телефон қоңырауларына да рұқсат жоқ. Бұл өлең оның сезімі мен көңіл-күйін көрсетеді. Адамдар түрмелерде, әсіресе заң үстемдігі жоқ Өзбекстанда, не бастан кешіп жатқанын елестету және ойлау өте қорқынышты", - деп жазды ол.

Реклама
Реклама

Өзбекстанның экс-президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Ташкент маңындағы № 21 Зангиатин әйелдер колониясында жазасын өтеп жатыр. Ол ұрлық, салық төлеуден жалтару, бопсалау және заңсыз жолмен алынған қаражатты заңдастыру үшін кінәлі деп танылған. Наурызда Өзбекстанның Жоғарғы соты оны 13 жыл 4 айға бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындаған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная