15 ақпан 2022 | 00:50

Гурбангулы Бердімұхамедовтің ұлы президенттікке ұсынылды - БАҚ

Сердар Бердімұхамедов. © Түрікменстанның мемлекеттік БАҚ-тары жариялаған сурет

Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовтің ұлы Сердар Бердімұхамедов 12 наурызда өтетін сайлауда Республика Президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Salam News түрікмен жаңалықтар сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовтің ұлы Сердар Бердімұхамедов 12 наурызда өтетін сайлауда Республика Президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Salam News түрікмен жаңалықтар сайтына сілтеме жасап.

"Бүгін Түрікменстанның қоғамдық ұйымдарының орталығында Түрікменстан Демократиялық партиясының кезектен тыс IX съезі өтті. Оның күн тәртібіне сәйкес, Түрікменстан президенті лауазымына Түрікменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сердар Гурбангулыұлы Бердімұхамедовтің кандидатурасы ұсынылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, съезге қатысушылар Бердімұхамедовтің сөзін тыңдап, оның Түрікменстан президенті лауазымына кандидатурасын қолдағаны атап өтілді.

Реклама
Реклама

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Парламенттің жоғарғы палатасының (Халық Кеңесінің) кезектен тыс отырысында мемлекетті жас басшыларға басқаруға жол беру керегін мәлімдеді. 

Айта кетейік, Сердар Бердімұхамедов 1981 жылы дүниеге келген. Ниязов атындағы түрікмен ауыл шаруашылығы университетін "инженер-технолог" мамандығы бойынша бітірген. 2008-2011 жылдары Ресей СІМ Дипломатиялық академиясында оқып, халықаралық қатынастар бойынша маман болған.

2018 жылғы наурызда Сердар Бердімұхамедов Түрікменстан СІМ басшысының орынбасары болып тағайындалды. Содан кейін ол Түрікменстан мәжілісіне (Парламентіне) қайта сайланды. 2019 жылдың қаңтарында Сердар Бердімұхамедов СІМ басшысының орынбасары қызметінен босатылып, Ахал уәлаяты (облысы) хякимнің (әкімшілік басшысы) орынбасары болып тағайындалды.

2019 жылдың маусымында ол хякимнің орынбасары қызметінен босатылып, осы велаяттың хякимі болып тағайындалды. 2020 жылдың ақпан айынан бастап Сердар Бердімұхамедов Түрікменстанның өнеркәсіп және құрылыс өндірісінің министрі қызметін атқарды. 2021 жылдың ақпан айынан бастап вице-премьер лауазымында жұмыс істейді.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президентіне шынайы құрметін білдіріп, Гурбангулы Бердімұхамедовтің кезектен тыс президент сайлауын өткізу жөніндегі шешімін қолдайтынын мәлімдеген

Еске салайық, Түрікменстанда 12 наурызда кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Түрікмен БАҚ-тарының мәліметінше, "осыған байланысты сайлау мен референдумдарды өткізу жөніндегі орталық комиссияның төрағасына Түркіменстанның конституциясы мен заңнамасына сәйкес тиісті жұмысты бастау тапсырылды".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная