18 мамыр 2020 | 14:29

Хакерлер Трамптың 169 хатын жариялады

Хакерлерден құралған топ АҚШ президенті Дональд Трамптың 169 электрон хатын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz FR24news-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Хакерлерден құралған топ АҚШ президенті Дональд Трамптың 169 электрон хатын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz FR24news-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін хакерлер Нью-Йорктегі Grubman Shire Meiselas & Sacks заң компаниясының деректерін ашқан болатын. Қаскүнемдер 756 гигабайт болатын деректерді алған. Онда Мадонна, Леди Гага, Элтон Джон, Роберт Де Ниро және басқа да танымал тұлғалар туралы мәлімет болған.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ олар Трампты боспалап, 42 миллион доллар алғысы келді. Ақшаны берсе, оның хатын ешкімге көрсетпейміз деп уәде еткен. Порталдың жазуына қарағанда, Трамп ешқашан бұл заң фирмасының ресми клиенті болмаған.

Хакерлер Grubman Shire Meiselas & Sacks фирмасының өзіне де хабарласқан.

"Grubman, егер ақша алмасақ, компанияны жойып жібереміз", - деп жазған қылмыскерлер.

Компания ешқандай ақша төлемейміз деп шешіп, хакерлердің әрекетін "террористік" деп атады. 

Содан соң компания өкілдеріне шифрленген файлдар мен парольдер келген. Олардың ішінде Трамптың аты аталған 169 электрон хат болған. Хатта АҚШ президентіне қатысты маңызды не қауіпті ақпарат жоқ екен.

"Бұл деректерді "жұлдыздардың" өзі сатып алмаса, БАҚ өкілдері сатып алады. Бізге бәрібір. Бастысы, біз ақша аламыз", - деген қылмыскерлер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная