ПОДЕЛИТЬСЯ
19 тамыз 2021 | 12:05
Халықаралық валюта қоры Ауғанстанға қаржылай көмек көрсетуді тоқтатты
Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) қаржы ресурстарына Ауғанстанның қолжетімділігін тоқтатты, оның ішінде 440 миллион долларға жуық жаңа ақша қорына да, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) қаржы ресурстарына Ауғанстанның қолжетімділігін тоқтатты, оның ішінде 440 миллион долларға жуық жаңа ақша қорына да, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл шешім "Талибан" Кабулды бақылауға алғаннан кейін ел үкіметі туралы нақты түсінік болмағандықтан қабылданған.
Агенттік мәліметінше, ХВҚ-ның мәлімдемесі қордың бақылау пакетін иеленетін АҚШ-тың Қазынашылық департаментіндегі Ауғанстанның үлесі тәліптердің қолына түспеуі үшін жасалған. ХВҚ-дан 370 миллион доллардан аса қаражат 23 тамызда Ауғанстан билігіне түсуі керек болған.
"Қазіргі уақытта халықаралық қоғамдастықта Ауғанстандағы үкіметті мойындау мәселесі бойынша түсінік жоқ, нәтижесінде ел SDR немесе ХВҚ-ның басқа ресурстарына қол жеткізе алмайды", - деді ХВҚ-ның ресми өкілі.
Қор өкілі ХВҚ Ауғанстан атынан 310 миллион SDR (ХВҚ шығарған жасанды резерв және төлем құралы - авт.ескерт.) беретінін айтты. Бұл сома шамамен 440 миллион АҚШ долларына бағаланып отыр.
Бұған дейін АҚШ Қаржы министрлігі өкілі "Талибан" қозғалысы SDR резервтеріне енбес үшін шаралар қабылданып жатқанын айтқан.
"Ауғанстан SDR-ге қол жеткізсе де, "Талибан" бұл ресурстарды жұмсай алмайды, өйткені оны басқа мемлекеттен негізгі валютаға айырбастау керек және мұндай операция ұзақ уақыт бойы бұғатталады", - делінген хабарламада.
Ауғанстан мен АҚШ шенеуніктерінің айтуынша, Ауғанстан орталық банкінің 10 миллиард долларға жуық активтерінің көп бөлігі Ауғанстаннан тыс жерде сақталған. Байден әкімшілігінің ресми өкілі бұған дейін Ауғанстан орталық банкінің АҚШ-тағы кез келген активі тәліптерге қолжетімді болмайтынын айтқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также