ХАМАС босатуға уәде еткен тізімдегі сегіз кепілге алынған адам қайтыс болған

Фото:depositphotos.com / Фото автора thenews2.com

ХАМАС тобы алдағы апталарда Израильмен жасалған уақытша бітімнің алғашқы кезеңінде босатуға уәде еткен 8 тұтқын қаза тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

ХАМАС тобы алдағы апталарда Израильмен жасалған уақытша бітімнің алғашқы кезеңінде босатуға уәде еткен 8 тұтқын қаза тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Бұл туралы Израиль үкіметі ХАМАС ұсынған тізіммен танысқаннан кейін мәлімдеді. Үкімет өкілі Давид Менсердің айтуынша, марқұмдардың туыстарына ақпарат берілген.

"Алдағы апталарда әлі босатылуы тиіс 26 адамның 18-і ғана тірі оралатыны белгілі болды", - делінген мақалада.

Реклама
Реклама

Бұған дейін ХАМАС ағымдағы аптаның аяғына дейін 6 тұтқынды, 2023 жылы тұтқындалғандарды босатуға уәде берген. 30 қаңтарда – 3, ал 1 ақпанда тағы 3 адам босатылмақ. Босатылатындардың қатарында Арбель Йехуд бар. Ол 25 қаңтарда бостандыққа шығатындардың тізімінде болғанымен, белгісіз себептермен босатылмаған.

Израиль ХАМАС-ты келісімді бұзды деп айыптап, Арбель Йехуд босатылмайынша, Газа секторының солтүстігіндегі қозғалысты шектеу шешімін қабылдады.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Арбель Йехуд пен тағы екі тұтқын – әскери қызметкер Агам Бергер және 65 жастағы Кит Сигалдың босатылатынын растады.

Еске салсақ, 15 қаңтарда Мысыр, Қатар және АҚШ делдалдығымен жасалған уақытша бітім келісімі аясында ХАМАС барлығы 7 тұтқынды босатты: бастапқыда 3 адам, кейін тағы 4 әскери қызметкер әйелдер босатылған. Келісім бойынша, ХАМАС 33 тұтқынды қайтарған жағдайда, Израиль шамамен 1900 палестиндік тұтқынды, оның ішінде ауыр қылмыс жасағандарды босатуға уәде берген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама