ПОДЕЛИТЬСЯ
15 мамыр 2021 | 12:06
ХАМАС Израильмен бітімге келу үшін талаптарын атады
ХАМАС қозғалысы Израильмен келіссөздердегі делдалдарға деэскалацияның басты талабы - атысты тоқтату екенін хабарлады. Бұл туралы Палестинадан тыс әрекет ететін қозғалыстың саяси бюросының басшысы Халед Машааль айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ХАМАС қозғалысы Израильмен келіссөздердегі делдалдарға деэскалацияның басты талабы - атысты тоқтату екенін хабарлады. Бұл туралы Палестинадан тыс әрекет ететін қозғалыстың саяси бюросының басшысы Халед Машааль айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Түркия, Қатар және Мысыр Газа секторы мен Иерусалимдегі израильдік шабуылдарды тоқтату үшін күш салып жатыр", - деді Машааль Түркияның TRT Arabic телеарнасына.
ХАМАС талаптарында Израиль қауіпсіздік күштерін әл-Ақса мешітінен шығару, онда намаз оқуға еркін баруға мүмкіндік беру, Шейх-Джаррах ауданынан тұрғындарды шығаруды тоқтату және соңғы эскалация кезінде ұсталғандардың бәрін босату туралы айтылған.
"Біз делдалдарға агрессияны тоқтату бірінші кезектегі талап екенін хабарладық", - деді Машааль.
Израиль мен Газа секторындағы жағдай 10 мамырда кешке шиеленісе түсті. Израиль армиясының мәліметінше, қақтығыс күшейген сәттен бастап Палестина анклавының аумағынан 2 мыңнан аса зымыран атылды, олардың жартысына жуығы "Темір күмбез" жүйесімен залалсыздандырылды. Соңғы мәліметтер бойынша, Израильде жеті бейбіт тұрғын мен бір әскери қызметкер қайтыс болды. Бұған жауап ретінде Израиль Газа секторына жүздеген соққы жасады. Салдарынан, Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, 126 адам қайтыс болып, 950 адам жарақат алды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также