ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қазан 2021 | 08:50
Харьковте Абай Құнанбаевтың ескерткіші ашылды
Харьковте "Ойшылдар аллеясы" ашылды. Онда Абай Құнанбаев бейнеленген мүсін қойылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Харьковте "Ойшылдар аллеясы" ашылды. Онда Абай Құнанбаев бейнеленген мүсін қойылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ойшылдар аллеясындағы" ескерткіште Абайдан басқа Украинаның халық ақыны Григорий Сковорода мен Әзірбайжан ағартушысы мен философы Мырза Фатали Ахундов бейнеленген. Мүсін Украина, Қазақстан және Әзірбайжан арасындағы достық қарым-қатынасты бейнелейді.
Ескерткіш авторы Украинаның халық суретшісі Сейфутдин Гурбановтың айтуынша, бұл туынды "Өмір ағашы" деп аталады.
Ескерткіштің жалпы биіктігі 4 метр. Ол субұрқақтар мен жасыл желек қоршаған Харьковтың танымал демалыс аймағында орналасқан.
"Осы идеяны жүзеге асырған мүсінші Сейфутдин Гурбановқа, сондай-ақ осы шараның өтуіне көп күш салған Қазақстанның Харьковтегі Құрметті консулы Эмин Наджафлиге алғыс айтамын. Бүгін Харьков, Қазақстан және Әзірбайжан арасындағы мәдени және халықаралық қатынастарды дамытуға берік негіз қалады деп санаймын", - деді Харьков қалалық кеңесінің хатшысы Игорь Терехов.
Қазақстанның Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі Дархан Қалетаев ескерткіш бауырлас халықтар арасындағы рухани байланысты одан әрі тереңдете түсетінін, олардың мәдениеті мен өнерінің кеңінен танылуына, дамуына және ынтымақтастығына ықпал ететінін айта отырып, қала басшылығына жақсы бастама үшін алғысын білдірді.
"Біз бұл ескерткішті украин бауырларымыздың қазақ халқына, Қазақстанның тарихы мен руханиятына шексіз құрмет ретінде қабылдаймыз", - деді елші.
Қазақстанның елшісі Дархан Қалетаев, Қазақстанның құрметті консулы Эмин Наджафли, сондай-ақ композиция авторы Сейфутдин Гурбанов ТҮРКСОЙ халықаралық түркі мәдениеті ұйымының естелік белгілерімен және "Абай" медалімен марапатталды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также