ПОДЕЛИТЬСЯ
20 қараша 2018 | 10:22
Хашукджидің өлімінен кейін мұрагер ханзада ауысуы мүмкін - БАҚ
Сауд Арабиясында корольдер отбасының кейбір мүшелері журналист Жамал Хашукджидің өліміне қатысты шыққан дау аясында Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман Әл Саудтың таққа отыруына жол бергісі келмейтіндерін айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сауд Арабиясында корольдер отбасының кейбір мүшелері журналист Жамал Хашукджидің өліміне қатысты шыққан дау аясында Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман Әл Саудтың таққа отыруына жол бергісі келмейтіндерін айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Корольдер отбасын жақсы танитын адамдар Reuters агенттігіне ондаған ханзада мен корольдік отбасының басқа да мүшелерінің таққа басқа ханзаданың отырғанын қалайтындарын айтқан. Бірақ, айтуларынша, Сауд Арабиясының 82 жастағы королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Сауд көзі тірісінде ұлына қарсы шыға қоймас.
Король қайтыс болған соң Сауд Арабиясындағылар таққа Ахмед ибн Абдула Әзиз ибн Саудтың отырғанын қалайды екен. Дереккөздердің мәліметінше, батыс державасы да Ахмедтың таққа отырғанын қолдайды.
Осыған дейін Washington Post дереккөзіне сілтеме жасай отырып, Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман Әл Саудтың оппозициялық журналист Жамал Хашукджиді өлтіруге тапсырыс беруі мүмкін деген қорытындыға келген еді.
Хашукджидің денесін Түркиядан шабаданмен алып кеткен - министр
Еске сала кетейік, қазан айының басында Ыстамбұлда Сауд Арабиясының журналисі Жамал Хашукджидің де өлі табылғаны жайлы хабарланған болатын. Жамал Хашукджиді Сауд Арабиясының бас консулдығында қылғындырып өлтіргеннен кейін денесін бөлшектеп, жойған. Бұл туралы Ыстамбұл прокуратурасы мәлімдеген еді.
Америкалық Washington Post газетінің шолушысы болып жұмыс істеген сауд журналисі Жамал Хашукджи 2017 жылдан бері АҚШ-та тұрып келген, ол Түркияда 2 қазанда, Сауд Арабиясының Ыстамбұлдағы бас консулдығына барғаннан кейін жоғалып кеткен. Әр-Риядтың мемлекеттік БАҚ-тары 20 қазанға қараған түні Хашукджидің өлгенін хабарлады. Оның өліміне консулдық қызметкерлерімен жанжалдасуы себеп деген нұсқа айтылды. Тергеу аясында 18 адам ұсталған.
Показать комментарии
Читайте также