ПОДЕЛИТЬСЯ
18 тамыз 2022 | 09:11
Хаски әуежайда үш апта бойы демалысқа кеткен иесін күткен
Боран есімді хаски Хабаровск әуежайында үш апта бойы иесін күткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабаровск" телеарнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Боран есімді хаски Хабаровск әуежайында үш апта бойы иесін күткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабаровск" телеарнасына сілтеме жасап.
Әуежайдағы жалғыз асылтұқымды итті әуе айлағының қызметкерлері байқаған. Олар алдымен итті тамақтандырған, кейін жұмысшылардың бірі оған ештеңе болмау үшін үйіне алып кеткен.
Кейін әуежай қызметкерлері ит иелерін немесе оған жаңа үй табуға үміттеніп, әлеуметтік желілерде суретін жариялаған. Бұл өз нәтижесін берген, жануардың иелері табылған.
Олар демалысқа кетіп, 8 айлық Боранды таныстарының қарауына қалдырғаны белгілі болған. Алайда ит шыдай алмай, иелерін күту үшін әуежайға қашып кеткен.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также