Якутияда жүк көлігінің жүргізушілері аюды қасақана басып өлтірді

?аламторда аюды жауызды?пен ?лтіргендер туралы видео жарияланды (18+). Якутияда т?сірілген видеода адамдарды? хайуанды ?дейі бірнеше рет ж?к к?лігімен таптап ?ткені к?рінеді, - деп хабарлайды "Вести.ru".

Ғаламторда аюды жауыздықпен өлтіргендер туралы видео жарияланды (18+). Якутияда түсірілген видеода адамдардың хайуанды әдейі бірнеше рет жүк көлігімен таптап өткені көрінеді, - деп хабарлайды "Вести.ru".

Видеоны түсірушінің артында адамның: "Бас, мыжып өті оны", - деп айқайлаған дауыс естіледі. Аю тұруға тырысқанмен екі жүк көлігінің ортасында қысылып қалады. 

"Якутия" МТРК тілшісінің хабарлауынша, жабайы аңды жауыздықпен өлтіру оқиғасы республикадаға ең көп талқыланған тақырыпқа айналған. Әлеуметтік желі қолданушылары мұны жасағандарды тауып, жазалауды талап етіп отыр. 

Реклама
Реклама

Саха (Якутия) Республикасының табиғатты қорғау министрлігінің аңшылық ресурсарды реттеу, пайдалану және сақтау басқармасының өкілдері, әлі анықталмаған тұлғалардың әрекетінен РФ ҚК 245-бабы "Жануарларға қатыгездік көрсету" бойынша қылмыс байқалатынын атап өтті. Материалдар процесуалдық тексеріс үшін құқық қорғау органдарына жіберіледі.  

Аюды өлтіргендер қатыгездігі үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе үш жүз мың рубль түрінде айыппұл төлеуі мүмкін. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама