Янукович Украинадан қалай қашқанын айтып берді

Янукович Украинадан қалай қашқанын айтып берді Виктор Янукович. © vchaspik.ua

Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович Der Spiegel басылымына Украинадан қалай қашқанын айтып берді, - деп хабарлайды Газета.ru.

Януковичтің айтуынша, оның кортежіне Мелитополь түбінде (Запорожь облысындағы қала) қарулы шабуыл жасалуы керек болған.

"Шамамен 100 адам екі пулеметпен менің жолымды кесіп, барлығын атып тастағысы келді", - деп мәлімдеді ол.

Жарнама
Жарнама

Айтуынша, алдын ала ескерткендіктен, бұл қауіптің алдын алу мүмкін болған.

Сонымен қатар, Украинаның экс-президенті 45 жыл отасқан әйелімен ажырасқаны жайлы дай айтты. Қазіргі уақытта Янукович бұрынғы аспазының сіңлісімен бірге тұрып жатыр. Екеуі Украинадан бірге қашқан.

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама