Йемен жағалауындағы кеме апатынан 42 адам опат болды

©REUTERS

"Йемен жағалауында орын алған кеме апатынан 42 африкалық заңсыз мигрант опат болды" деп хабарлайды AFP Йемен қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.Кеме апаты 9 наурыз күні кешке елдің оңтүстігінде орналасқан Шабва провинциясы жағалауынан бірнеше шақырым қашықтықта орын алды. Кеменің апатқа ұшырағаны туралы хабар келіп түскен соң Йеменнің құтқару қызметі 30 адамды судан аман алып шықты. Оқиғаның басқа да мән-жайы туралы қазірге хабар жоқ.Естеріңізге салсақ, ақпан айының басында Йеменнің солтүстік-шығыс жағалауында кеме апаты орын алған болатын. Салдарынан экипаждың 12 мүшесі із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Жоғалған теңізшілер Индия азаматтары.
Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама